Otpan News Logo

Ақтауда дзюдодан республикалық турнир басталды

|
22.10.2026 16:42
Ақтауда дзюдодан республикалық турнир басталды

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне арналған дзюдодан XVIII ашық республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. 21-23 қазан аралығында өтетін жарысты Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

 

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыстың негізгі мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, жарыс тәжірибесін арттыру және дзюдо спортының дамуына үлес қосуға бағытталған.

 

Маңғыстау облыстық «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Ғайса Қалмұхановтың айтуынша, биылғы турнирге Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Маңғыстау өңірінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр.

 

«Бұл жарыс қараша айының соңында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алдындағы маңызды дайындық кезеңі болып саналады. Турнир өңір спортшыларына өздерінің дайындық деңгейін тексеріп, соңғы дайындықтарын пысықтауға және жарыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта турнирдің ауқымын кеңейтіп, қатысушы командалар санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ашық турнир ретінде алыс-жақын шетелдерден де спортшылар шақырып, жарыстың деңгейін көтеру көзделіп отыр», - деді Ғайса Қалмұханов.


48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!