Otpan News Logo

Ақтауда «JAS QALAMGER» жобасы аясында үш жас автордың кітабы таныстырылды

Ақтауда «JAS QALAMGER» жобасы аясында үш жас автордың кітабы таныстырылды

OTPANNEWS.KZ – «JAS QALAMGER» жобасының әдеби кешінде үш жас қаламгердің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.


Үш кітаптың жарық көруі – «JAS QALAMGER» жобасының маңызды нәтижелерінің бірі. «Сөзден – кітапқа, кітаптан – оқырман жүрегіне!» тақырыбында өткен әдеби шараның басты мақсаты – жас қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен таныстыру, авторлық әдебиетті насихаттау және өңірдегі әдеби орта өкілдерінің өзара байланысын арттыру. Кеште Нағима Нұрдәулетова – «Нақыш. Желкенді жырлар», Жанарыс Әскербай – «Сағыныштың сарқыншағы» және Қалмұрат Мамырұлы – «Жан қалауы» атты туындыларын көпшілік назарына ұсынды. 13 жасынан шығармашылыққа бет бұрған жас ақын Нағима алдағы уақытта да бірнеше кітап шығаруды жоспарлап отыр.


«JAS QALAMGER» жобасы аясында «Нақыш. Желкенді жырлар» атты кітабымның тұсаукесері өтті. Бұл жоба менің шығармашылық жолыма үлкен жол ашты десем болады. Жинаққа 100-ден астам өлең енген, түрлі тақырыптар қамтылған. «Нақыш» деп атауымның себебі – бұл сөз өрнек дегенді білдіреді, әр нәрсенің өзіндік өрнегі болады. Екіншіден, мен ата-әжемнің қолында өстім, олар мені еркелетіп «Нақыш» дейтін. Сол себепті осы атауды жөн көрдім. Кітап 500 дана тиражбен шықты. Туындыларды Мұнайлы, Түпқараған және Ералы аудандық кітапханаларына тапсырдық», – деді ол.


Әдеби кешке Маңғыстау өңірінің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен әдебиет жанашырлары қатысты.


«Жобаны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – Маңғыстау жастарының бойындағы қабілетін дамыту. Байқауға 360-тан астам өтінім түсті. Ішінде өмірін шығармашылықпен байланыстырып, қаламгерлікті, ақын-жазушылықты өмірлік серігі еткен белсенді жастарға қолдау көрсетіп, алғашқы кітаптарын шығаруға көмектестік. Қыркүйек айында іріктеу өтіп, комиссия шешімімен 3 жеңімпаз анықталды. Сонымен қатар жоба аясында арнайы челлендж ұйымдастырылып, үздіктерге сыйлықтар табысталды», – деді «Көмек командасы» қоғамдық қорының директоры Қанат Айтбай.
13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!