Конституция – бала құқықтарының қорғалуына кепілдік беретін және мемлекеттің әлеуметтік саясатының берік іргетасы
Егер Қазақстан Республикасы Конституциясының бұрынғы редакциясы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңінде тұрақтандырушы рөл атқарса, жаңа Конституция цифрландыру дәуірінің шындығы мен жаһандық жаңа сын-қатерлерге бейімделген. Оның негізіне адамның іргелі құқықтарының, атап айтқанда, өмір сүру, еңбек ету және қауіпсіздік құқықтарының сөзсіз басымдығы қағидаты қаланған.
Мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады. Ал қоғам әділдікке қол жеткізу және елді тікелей басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады.
Жаңа Ата Заң ұзақ мерзімді саяси тұрақтылықтың берік негізін қалыптастыруға, адам құқықтарын қорғауға және сот төрелігінің кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте аталған қағидаттар нақты жұмыс істейтін құқықтық тетіктер арқылы бекітіледі.
Асылан Кужиев,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
Маңғыстау облысы бойынша өкілі