Otpan News Logo

Ақтаудағы бу-газ қондырғысының құрылысы 2027 жылы аяқталады

Ақтаудағы бу-газ қондырғысының құрылысы 2027 жылы аяқталады

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы жалғасып жатыр. Жобаны 2027 жылдың екінші тоқсанында аяқталады. Нысан толық қуатында жұмыс істегенде Маңғыстау облысына қажет электр энергиясының шамамен үштен бірін өндіреді.


Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс алаңына барып, жұмыстың барысымен танысты. Сондай-ақ Қытайдың China Huadian Overseas Investment Co. Ltd. компаниясының вице-президенті Чжоу Дэхуамен кездесіп, өңірдегі энергетикалық жобаларды талқылады.


Бу-газ қондырғысы «МАЭК» мекемесін жаңғырту бағдарламасы аясында Қытайдың «Huadian» компаниясымен бірлесіп салынып жатыр. Жобаның жалпы құны – 210 млн АҚШ доллары. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтардың бір бөлігі жеткізіліп, оларды орнату басталған. Қалған жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр.


Жоба толық іске қосылғаннан кейін нысанда 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.


Бұл жоба Маңғыстаудың энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын арттырып, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осы ретте сіздердің компанияларыңызбен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыруға дайын екенімізді атап өткім келеді, - деді Нұрдәулет Қилыбай.


Сондай-ақ кездесуде қуаты 500 МВт болатын тағы бір бу-газ қондырғысын салу жоспары да талқыланды. Жаңа нысан өңірдің электр энергиясын өндіру мүмкіндігін арттырады.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!