Маңғыстаулықтар Дағыстанға гуманитарлық көмек көрсетуде
Естеріңізге сала кетейік, Дағыстанда нөсер жаңбырдың шамадан тыс жаууына байланысты ауқымды су тасқыны болып, Төтенше жағдай (ТЖ) режимі енгізілді. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпіріндегі этномәдени орталықтар гуманитарлық көмек жинап, жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Атап айтқанда, Дағыстанға азық-түлік, құрылыс материалдары, шаруашылық құралдары, киім-кешек, су және су айдайтын сорғылар тиелген 8 «Газель» автокөлігі жолға шықты. Сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен мешіттерге 5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударылды.
«Көмек Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Орал қалаларындағы дағыстандық этномәдени бірлестіктерінен және бей-жай қарамайтын азаматтардан жиналды. Шешен, осетин, әзірбайжан бауырларына бірінші болып қол ұшын созып, бізге моральдық және материалдық тұрғыда қолдау көрсеткен бауырлас қазақ халқына ерекше алғыс айтамыз. Бұл гуманитарлық акция біздің «Бірлігіміз – күшімізде, біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» деген ұстанымымызды тағы бір мәрте дәлелдеді»,- дейді Қазақстанның Дағыстан этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Юсуп Шахшаев.
Қаражат жинау жалғасуда.
73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев