Otpan News Logo

Ақтауда Әдек Жанашевті еске алуға арналған республикалық турнир басталды

|
17.04.2026 18:32
Ақтауда Әдек Жанашевті еске алуға арналған республикалық турнир басталды

Ақтау қаласында дзюдодан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Отан соғысының ардагері, ІІІ дәрежелі «Даңқ» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Әдек Жанашевті еске алуға арналған IV ашық республикалық турнир басталды, деп хабарлайды otpannews.kz


16-19 сәуір аралығында өтетін дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен бөлек, Моңғолия, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен келген жас спортшылар қатысып жатыр. Халықаралық деңгейдегі жарыс жас балуандардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік бермек.


Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев, сондай-ақ белгілі кәсіпкер Асылбек Жолдыбаев және өзге де құрметті қонақтар қатысты.


Жиын барысында сөз алған спикерлер жас спортшыларға сәттілік тілеп, мұндай жарыстардың өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, Әдек Жанашевтің ел алдындағы ерлігі мен өнегелі өмір жолы жастарға үлгі екені ерекше айтылды.


Дәстүрлі турнирге жалпы саны 600-ге жуық спортшы қатысып, бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, бұл жарыс өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға және дзюдо күресінің деңгейін көтеруге бағытталған маңызды спорттық шаралардың бірі саналады.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!