Маңғыстаулық ғалымдар ҚР Конституциясының жаңа жобасының мазмұнын талқылады
Ақтауда Esenov University профессор-оқытушылық құрамы ҚР Конституциясының жаңа жобасының мазмұнын талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жиынға қатысқандардың бірі заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысгүл Әбілшиеваның айтуынша, Конституцияның жаңа мәтіні концептуалдық тұрғыда өте ерекше мазмұнды көздейді.
- Осыған дейін біз мемлекетіміздің егемендігін тұрақтандыруда формасын Ата Заң негізінде анықтаған болсақ, енді біз конституциялық формадан мазмұнға қарай өтіп отырмыз. Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтары, заң мен тәртіп, ғылым, мәдениет, білім, инновация, цифрлық орта, мемлекет пен қоғам арасындағы келісім мәселелері толық қамтылған. Инстутционалдық негіздегі билік институттарына қарай өтіп келе жатыр. Жаңа жоба адами құндылықтарға көбірек бет бұрған. Нақтырақ айтқанда, адам құқықтарының заң арқылы бекітілуін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстар мемлекеттік саясатты жүргізумен қатар, ұлттық құндылықтардың насихатталуын да көздейді, - деді Рысгүл Әбілшиева.