Otpan News Logo

Маңғыстаудың жас шеберлері республикалық чемпионатта бақ сынайды

|
18.11.2026 16:42
Маңғыстаудың жас шеберлері республикалық чемпионатта бақ сынайды

OTPANNEWS.KZ. – 18 қарашада WorldSkills Kazakhstan 2026 XI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысатын Маңғыстау облысының командасын шығарып салуға арналған «Жолың болсын, жас шебер!» атты салтанатты шара өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.


Іс-шараның мақсаты – өңір намысын қорғайтын студенттер мен сарапшыларға қолдау көрсету, жастардың кәсіби мамандығына деген қызығушылығын арттырып, жеңіске деген сенімін нығайту.


Жиынның алғашқы бөлігінде Маңғыстау туризм колледжінде сарапшыларға арналған «Жеңіске дайындық: сенім, қолдау, бағалау» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. Кездесу барысында чемпионатқа дайындық барысы, жарыс ережелері мен бағалау жүйесі талқыланып, сарапшылар тестілеуден өтті. Сонымен қатар студенттерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында тренингтер өткізілді.


Ал «Хан Шахар» салтанат сарайында өткен шығарып салу кешінде чемпионаттың жеті құзыреттілігі бойынша бақ сынайтын жас мамандар таныстырылды. Сахна төрінде сарапшылар мен бас сарапшылар командаға ақжарма тілектерін арнап, техникалық делегат WorldSkills туын табыстады.


WorldSkills Kazakhstan чемпионаты – жастардың кәсіби шеберлігін шыңдап, өзге өңірлердің үздік қатысушыларымен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Байқау жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын дамытуға да ықпал етеді.


Айта кетейік, WorldSkills Kazakhstan 2026 XI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 25–30 қараша аралығында Астана қаласында өтеді. Чемпионатта Маңғыстау облысының намысын 43 құзыреттілік бойынша 52 студент қорғайды.


47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!