Otpan News Logo

Буллинг – балалық тентектік емес: Полиция ата-аналарға ескерту жасады

|
18.11.2026 16:29
Буллинг – балалық тентектік емес: Полиция ата-аналарға ескерту жасады

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау полициясы мектептердегі буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Маңғыстау облысының Полиция департаменті баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау ата-аналардың, педагогтер мен құқық қорғау органдарының ортақ міндеті екенін еске салады. Баланы жәбірлеуді балалық тентектікке балап, ақтауға немесе назардан тыс қалдыруға болмайды.


Буллинг баланы жүйелі түрде кемсіту, қорлау, қорқыту және қудалау түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондай-ақ жәбірлеу әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, соның ішінде мектеп чаттарында да орын алуы мүмкін.


Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-2-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған адамды жәбірлегені, оның ішінде кибербуллинг үшін ескерту жасау немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер мұндай әрекеттерді 12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаса, оның ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасалады не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!