Otpan News Logo

Маңғыстауда төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

|
03.02.2026 15:48
Маңғыстауда төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

Маңғыстау облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Үсенов хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


Спикердің айтуынша, қыс мезгілінде жиі орын алатын төтенше жағдайларға автожолдарда көлік қозғалысының бұзылуы және жол-көлік оқиғалары, боран салдарынан елді мекендердің қатынассыз қалуы, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу, электр және су жүйелерінің істен шығуы, көмірқышқыл газымен улану және өрт оқиғалары жатады. Азаматтық қорғау жүйесінің қысқы кезеңдегі негізгі міндеті – төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жедел түрде жою.


- Осы мақсатта қысқы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, авариялық-құтқару бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Республикалық және облыстық маңыздағы автокөлік жолдарының қауіпті учаскелері тұрақты бақылауға алынды. Жедел қызметтердің қысқы кезеңдегі әзірлігі олардың үздіксіз және үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты. Азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Қыс-2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтеріне қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын жетілдіру мақсатында өзара іс-қимыл және әрекет ету дағдылары пысықталды. Арнайы техникалар, уақытша қабылдау пункттері және жылыту пункттері дайындыққа келтіріліп, халықты дер кезінде хабарландыру және ақпараттандыру құрылғылары тексерілді. Сондай-ақ, ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілді. Жедел медициналық жәрдем, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері тәулік бойы қызмет атқаруда, - деді Бақытжан Үсенов.


Брифинг барысында департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Нұрсұлтан-қожа Мырзағалиев жедел қызметтердің материалдық-техникалық жарақтандырылуына тоқталды.


- Облыста үш мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 9 өрт сөндіру бөлімі және екі өрт сөндіру бекеті қызметте. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жабдықталуында 192 техника бар. Былтыр материалдық-техникалық жарақтандыру аясында жергілікті бюджеттен 21 техника мен 39 жабдық алынды, 68 метрлік автосаты сатып алу жүзеге асырылуда. Көп қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында биіктігі 68 метр болатын автосатыны, екі жыл құрастырумен сатып алу жүзеге асырылуда. Жеке құрамның шеберлігін арттыру мақсатында объектілерде 57 өрт-тактикалық оқу жаттығу және 313 өрт-тактикалық сабақтар өткізілді, - деді 



Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Сүндет Нұрпейсовтың айтуынша, улы газдан уланудың алдын алу үшін тұрғындар қазандықтар мен мұржалардың жағдайын үнемі тексеруі қажет.


- Улы газдан уланудың алдын алу үшін тұрғындар қазандықтар мен мұржалардың жағдайын үнемі тексеріп, түтіннің сыртқа дұрыс шығарылуын қадағалауы қажет. Егер газ иісі немесе өзге де күмәнді иістер байқалса, дереу 104 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, газ қызметі мен төтенше жағдайлар мамандарын шақыру керек. Жылу маусымында қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға газ дабылқаққыш құрылғысын пайдалануға кеңес береміз. Газ дабылқаққышы өрттің және түрлі улы газдардан уланудың алдын алуға көмектеседі. Аталған құрылғыны көптеген интернет-дүкендерден оңай табуға болады, бағасы да қолжетімді. Құрылғыны орнату және пайдалану ережелері қарапайым. Орнатқаннан кейін оны «тест» батырмасы арқылы тексеруге болады. Құрылғыдағы индикатор газ концентрациясын көрсетіп, дер кезінде ескерту береді. Бұл тұрғындардың қауіпсіз жерге шығып, қажетті шараларды қабылдауына мүмкіндік жасайды, - деді Сүндет Нұрпейсов.


50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!