Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда табиғатты қорғау мақсатында рейдтік бақылау шаралары күшейтілді

Жанкелді Қаржан
|
26.08.2025 11:31
Маңғыстауда табиғатты қорғау мақсатында рейдтік бақылау шаралары күшейтілді
"Қызылсай" паркі

Маңғыстауда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бірлескен рейдтік бақылау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Дүйсекеновтың бастамасымен облыс аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау мақсатында ауқымды бірлескен рейдтік бақылау шарасы ұйымдастырылды. Айта кететін жайт, ЮНЕСКО-ның зерттеу жұмыстарымен Үстірт жеріндегі Көкесемге арнайы топ келген болатын.  


Іс-шараға "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Қаратауов, «Охотзоопром» ӨБ директоры С.Сардарбеков, сондай-ақ Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары қатысты.


Рейд барысында инспекторлық топтар табиғи аумақтарда жануарлар дүниесінің қорғалуына, табиғи ресурстардың заңсыз пайдаланылмауына ерекше назар аударып, аң-құстар мекендейтін жерлер мен олардың су ішуге келетін бұлақ көздерін аралады. Сонымен қатар, "Манашы" қаумалы аумағында орналасқан бұлақ көздері ашылып, су арналары тазартылды.

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – біздің ұлттық байлығымыз. Бұл жерлерде экожүйе мен жануарлар әлемінің тепе-теңдігін сақтау – басты міндетіміз. Осындай рейдтік шаралар инспекторларымыздың жұмысын күшейтіп, заңсыз аңшылық пен табиғатқа нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, табиғи бұлақ көздерін ашу арқылы жануарлар үшін қолайлы тіршілік жағдайын жасауға атсалысып жатырмыз», - деді "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.


Алдағы уақытта аталған рейдтік шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса бермек.  

107
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!