Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда III халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді

Ақмарал Берекет
|
02.09.2025 14:39
Ақтауда III халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді

Ақтау қаласында 21–26 қыркүйек аралығында III халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мәдени шарада күн сайын түркітілдес мемлекеттердің театр ұжымдары көрерменге екі спектакльден ұсынады. Фестивальге Әзірбайжан, Мажарстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінен келген театр әртістері қатыспақ.


Өтетін орны – Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры.


Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы барша өңір тұрғындары мен қонақтарын халықаралық театр фестивалінің қойылымдарын тамашалауға шақырады.

89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!