Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Әділет министрлігі заңнаманы жетілдіру жұмыстарын күшейтті

Ақмарал Берекет
|
02.09.2025 15:03
Әділет министрлігі заңнаманы жетілдіру жұмыстарын күшейтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүруде, деп хабарлайды otpannews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әділет министрлігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөлге ие.


Соңғы жылдары ведомство заңнаманың маңызын арттыру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін қолжетімді ете түсу бойынша көп жұмыс жүргізуде. Соның ішінде  ең бір маңызды бағыт қылмыстық және әкімшілік құқықты, оның ішінде жеке құқықтарды қорғау және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған жаңа нормаларды жетілдіру туралы болды.


«Біздің әділет саласында, сот жүйесінде және жалпылама алғанда жүргізіп жатқан реформаларымыз бірінші кезекте заңнаманың сапасын арттыруға, соның ішінде, ең алдымен, заң бәріне бірдей деген қағидаға негізделген, ал онда орнатылған тәртіп талаптары заңды әділ қолданылу салдары ретінде танылуы тиіс», – деп атап өтті әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!