Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Qaitadan» көркем фильмі 4 қыркүйекте жарыққа шығады

Ақмарал Берекет
|
02.09.2025 21:18
«Qaitadan» көркем фильмі 4 қыркүйекте жарыққа шығады

4 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрында «Qaitadan» көркем фильмі көрсетіле бастайды. Туынды ауылдағы дамбы жарылған сәтте тұрғындардың бір күндік өмірін, төтенше жағдайдан кейінгі халықтың жай-күйі мен сезімін арқау етеді, деп хабарлайды otpannews.kz abaiaqparatkz-ке сілтеме жасап.


Фильмнің идеясын режиссер Думан Еркімбек пен бас продюсер Жалын Тілеуберген жүзеге асырған. Авторлардың айтуынша, қазақ киноиндустриясында әлі де терең қозғалмаған тақырыптар көп. Соның бірі – табиғи апаттар мен төтенше жағдай кезінде халықтың бастан кешетін қиындықтары.


Режиссер Думан Еркімбек бұл картинаның басты мақсаты – күтпеген апаттардың алдын алу, оның себебі мен салдарын түсіндіру, сондай-ақ қоғамды сақтыққа шақыру екенін атап өтті.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!