Әуезов театры гастрольдік сапармен Ақтауға келеді

Ақтауда қыркүйектің 10–14 күндері М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының гастрольдік қойылымдары өтеді. Театр ұжымы Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры мен Абай атындағы мәдениет үйінің сахнасында өнер көрсетпек, деп хабарлайды otpannews.kz.
Көрерменге ұсынылатын қойылымдар:
10 қыркүйек күні – көрерменге ұлы суреткер Ғ. Мүсіреповтің классикалық туындысы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы ұсынылады.
11 қыркүйек – ән мен сағынышқа толы И. Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі көрсетіледі. Қойылымда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен әндері сахналық көркем тілде бейнеленеді. Сол күні сонымен қатар М. Задорновтың отбасылық қарым-қатынасты әзілмен жеткізген «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясы көрермен назарына ұсынылады.
12 қыркүйек - әке мен бала, қария мен қоғам арасындағы терең байланыс туралы психологиялық «Жан әке» драмасы сахналанып, кешкі уақытта сезім мен сырға толы «Сезім хаттары» лирикалық кеші өтеді.
13 қыркүйек – халықтың тарихи тағдырын бейнелейтін С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы сахналанады.
14 қыркүйек – заманауи қоғам мәселесін көтерген М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасы көрерменге жол тартады.
Айта кетейік, билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе төменде көрсетілген байланыс нөмірінен ала аласыздар.
Байланыс нөмірі: +7 707 363 9864
