Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жаңаөзенде медициналық колледждің жөндеу жұмыстары тексерілді

Ақмарал Берекет
|
02.09.2025 19:02
Жаңаөзенде медициналық колледждің жөндеу жұмыстары тексерілді

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ербол Дербисов Шұғыла шағынауданында орналасқан Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледж ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жұмыс сапарында қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Данияр Назарханов пен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді. Әкім орынбасары атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.


Айта кетейік, нысанның тапсырыс берушісі – Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы. Жобаның мердігері – «Ондасын Строй» ЖШС. Күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың шілде айында басталып, қазан айында толық аяқталуы жоспарланған.

78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!