Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation (СNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады

Otpan News
|
02.09.2025 11:41
Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation (СNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады
akorda

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.



Мемлекет басшысы осы жылдар аралығында компаниямен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына назар аударып, еліміздің энергетика секторы үшін мәні зор ауқымды жобаларды бірге атқаруға мүдделі екенін жеткізді.


Әңгімелесу кезінде көмірсутегін өндіру және өңдеу бағытындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселесіне ден қойылды.


Президент жылдық қуаты 12 миллион тоннаға дейін жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту өзекті екенін айтты. Сондай-ақ газ химиясы өндірісін дамыту перспективасына тоқталды.


Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы карбамид зауытының құрылысы жөнінде пікір алмасты. Аталған кәсіпорын еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуіне тың серпін береді.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!