Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда адамдарды ұрлап олардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Жанкелді Қаржан
|
02.09.2025 14:53
Қазақстанда адамдарды ұрлап олардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды
Zakon.kz

Елімізде прокурорлар әлеуметтік жағынан осал азаматтарды ұрлап әкетіп, олардың атына ірі көлемде қаржылай несиелерді ресімдеген ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды otpannews.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 

Прокуратура аталған ҰҚТ құрамында еліміздің әртүрлі өңірінен 25 адам болғанын анықтаған.


«Олардың қатарында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері, сондай-ақ банктердің (Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank) бірнеше қызметкерлері бар. Аталған адамдардың қатысуымен бес жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған. Қылмыстың құрбанына 348 азамат тап болып, келген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады», - деп жазылған хабарламада.


Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік түрлері белгілі болды. Оның ішінде Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленіп, жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрады.


«Қазіргі уақытта топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс қылмыстық процеске қатысушылардың танысуына беріліп, соңғы шешімді сот шығарады», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.


Осы орайда прокуратура өкілдері халыққа алаяқтарға сенбеуге және қырағы болуды қаперге салады.  

87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!