Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда ірі инвестициялық келісімдерге қол қойды

Ақмарал Берекет
|
02.09.2025 16:30
Маңғыстау облысы делегациясы Қытайда ірі инвестициялық келісімдерге қол қойды

2 қыркүйекте Бейжің қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақ-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысы өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов бастаған өңірлік делегация да қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сапар қорытындысында облыс әкімдігі мен Қытайдың жетекші компаниялары өңір экономикасы үшін маңызды бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол қойды.


Атап айтқанда:

• «Zhongyun International Industrial Co., Ltd. (Heilongjiang)», «Inner Mongolia Guoyou Import & Export Trading Co., Ltd.» және «Tianjin Guoyou WuChan Group Co., Ltd.» – Маңғыстау облысында теңіз портын салу және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

• «Gansu Joy Sturgeon Ecological Technology Co., Ltd.» – балық шаруашылығы, балық өңдеу және туризм саласында жобаларды іске асыру;

• «ChengLi Special Automobile Co., Ltd.» және «Hua An International Investment Management LLP» – арнайы техниканы автожинақтау зауытын салу;

• «Huawei Technologies Kazakhstan» – цифрландыру бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.


Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай инвесторлармен Ақтау, Астана, сондай-ақ Қытайдың Бейжің, Тяньцзинь және Суйчжоу қалаларында кездесулер өткізген болатын. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылаған еді.


Осы келіссөздердің нәтижесінде Бейжіңдегі іскерлік кеңес аясында қытайлық ірі компаниялармен келісімдерге қол қойылды. Бұл қадам Маңғыстау облысына қомақты инвестиция тартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!