Димаш Құдайберген Ақтауда халықаралық музыкалық шоу түсіреді
Гүлмира Аманжолқызы
|
02.09.2025 16:42

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақстанда ірі халықаралық музыкалық жобаның түсірілімін бастайды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жоба Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге асады. Димаш музыкалық реалити-шоудың атқарушы продюсері рөлін атқарады. Шоудың басты ерекшелігі – оған әртүрлі елдерден келген вокалистер қатысып, Қазақстанның 4 өңірінде өнер көрсетеді.
Түсірілім 8 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.
Әншінің айтуынша, шоу жүздеген миллион көрерменге жаңа таланттарды таныстырып қана қоймай, Қазақстанның қайталанбас табиғаты мен мәдениетін насихаттауға жол ашады.
Осыдан он жылға жуық уақыт бұрын менің Hunan TV-дегі сапарым “Singer” жобасынан басталған еді. Бүгін дәл сол арнаға халықаралық шоудың бастамашысы ретінде оралып жатырмын. Бұл шоудың дүние жүзін біріктіретін мәдени алмасу мен музыка тарихындағы серпілісті туғызары сөзсіз, – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.
84

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев