Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жаңаөзенде жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесі қаралды

Ақмарал Берекет
|
03.09.2025 11:12
Жаңаөзенде жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесі қаралды
Фото: kaz.nur.kz

Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде өткен «Білім күні. Бейбітшілік күні» атты салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, колледждің педагогикалық ұжымы мен студенттері жиналды. Жиында оқу орнының жетістіктері таныстырылып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.


Кейінгі жылдары колледжде «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша эксперименттік оқыту жүргізіліп, алғашқы түлектер диплом алды. Сонымен бірге студенттік парламент пен еріктілер ұйымдарының жетістіктері де көпшілікке таныстырылды.


Өз сөзінде қала әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылының» маңызына тоқталып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлауда колледждің ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол студенттерге жаңа оқу жылында табыс, ұстаздарға қажырлы еңбек тіледі.


Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылында колледжге 275 білім алушы қабылданса, олардың 125-і жұмысшы мамандықтарын таңдаған.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!