Otpan News Logo

Саяхатшы блогер Ерболат Мұқашов мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

|
29.11.2026 13:30
Саяхатшы блогер Ерболат Мұқашов мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Маңғыстаудың туристік әлеуетін насихаттап жүрген кәсіпкер әрі саяхатшы блогер Ерболат Мұқашов мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.

«Мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Әр азамат елдің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды сәттерде азаматтық ұстанымын білдіруі керек деп есептеймін. Сондықтан барша маңғыстаулықтарды дауыс беруге шақырамын», – дейді Ерболат Мұқашов.

Ерболат Мұқашов – Caspian Holiday туристік компаниясының негізін қалаушы. Ол бұған дейін 10 жылға жуық мұнай-энергетика саласында еңбек еткен. Кейін туған өлкенің табиғаты мен тарихи орындарын зерттеуге деген қызығушылығы туристік кәсіпке ұласқан.


Бүгінде кәсіпкер Маңғыстаудың көрікті жерлерін шетелдік туристерге таныстырып жүр.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!