Otpan News Logo

Маңғыстауда мәслихат сайлауында Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары өз таңдауын жасады

|
29.11.2026 14:14
Маңғыстауда мәслихат сайлауында Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары өз таңдауын жасады

Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылындағы Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары бүгін мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.


Ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмаған әулеттің келіндері Жыңғылды ауылындағы №174 сайлау учаскесіне арнайы барып, азаматтық еркін білдірді. Ұлттық дәстүрді ұлықтаған абысын-ажындар әрбір дауыс – азаматтың конституциялық құқығы әрі оның ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.


Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары тек отбасындағы береке-бірлікті сақтап қана қоймай, қоғамдық өмірге де белсене араласып келеді. Әулеттегі 10 келіннің әрқайсысы өз саласында еңбек етіп, отбасы мен қызметті қатар алып жүрген өнегелі жандар. Олардың қатарында ұстаз, мұнай саласының ардагері, мәдениет қызметкері, мемлекеттік қызметші, есепші және жеке кәсіпкер бар. Сонымен қатар көпбалалы аналар мен «Күміс алқа» иегерлері де бар.


Айта кетейік, Нұрмағанбет ата әулетінің абысын-ажындары Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Абысын-Ажын 2026» байқауына қатысып, өнерімен көпшілікті тәнті еткен болатын. Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеген әулет байқауда 1-орын алған еді. 


Өнегелі әулеттің бұл жолғы сайлауға да ұйымшылдықпен қатысуы – елдік іске бейжай қарамайтын азаматтық белсенділігінің көрінісі.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!