Otpan News Logo

Түпқараған ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі қалыпты өтуде

|
29.11.2026 14:40
Түпқараған ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі қалыпты өтуде

Сайын Шапағатов ауылдық округіндегі Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі» КММ ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде жалпы орналасқан №233 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі өз деңгейінде ұйымдастырылуда.

- Бүгін №233 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде. Таңертеңнен бері сайлаушылар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Учаскеде дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау учаскесінде жалпы 1 897 сайлаушы тіркелген. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың келуі қалыпты деңгейде. Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, ешқандай келеңсіз жағдайлар тіркелген жоқ. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Барлық сайлаушыларды өз азаматтық белсенділіктерін танытып, дауыс беруге шақырамыз, - дейді Қайырбек Мәди.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!