Otpan News Logo

Туған күні сайлаумен тұспа-тұс келген тұрғын алғашқылардың бірі болып дауыс берді

|
29.11.2026 14:13
Туған күні сайлаумен тұспа-тұс келген тұрғын алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бейнеу ауданында мәслихат депутаттарының сайлауы күні тұрғындардың бірі үшін қос қуанышқа ұласты. Себебі 1967 жылғы 29 қарашада дүниеге келген Рахымжан Орашұлы Жалғасов биыл туған күнін ел өміріндегі маңызды саяси науқанмен қатар атап өтуде.


Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тумасы Рахымжан Жалғасов 1991 жылдан бері банк саласында инкассатор болып еңбек етеді. Ол бүгін жұбайы Нұрғайша Бозаевамен бірге сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.


Туған күнінде азаматтық міндетін орындауды жөн көрген тұрғын үшін бұл күннің мәні ерекше. Ол төл мерекесін ел өміріндегі маңызды оқиғамен ұштастырып, сайлауға қатысудың азаматтық жауапкершілік екенін көрсетті.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!