Главная | Маңғыстау жаңалықтары
Маңғыстауда республикалық жолдарда көктайғақ болуы мүмкін
OTPANNEWS.KZ – 9-10 қараша күндері Маңғыстау облысында ауа райы бұзылып, республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты жол қызметтері жүргізушілерге ескерту жасады.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні өңірде қар жауып, кейін аралас жаңбырға ұласып, жолдың беті тайғақ болуы мүмкін.
Осыған байланысты жүргізушілерге аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпау ұсынылады. Сондай-ақ көлік дөңгелектерін қысқыға ауыстырып, жолда жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау қажет.
Жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тексерген жөн.
29
Басты жаңалықтар
Танымал
09.11.2026 21:06
09.11.2026 18:55
09.11.2026 17:59
09.11.2026 17:14
09.11.2026 16:00
09.11.2026 15:57
09.11.2026 15:29
09.11.2026 15:02
09.11.2026 14:48
09.11.2026 14:42
09.11.2026 12:13
09.11.2026 11:57
09.11.2026 11:54
09.11.2026 11:27
09.11.2026 11:22
09.11.2026 10:55
09.11.2026 10:36
09.11.2026 10:28
09.11.2026 10:12
09.11.2026 09:58
03.11.2026 16:12
03.11.2026 17:47
03.11.2026 15:23
03.11.2026 15:25
04.11.2026 14:57
04.11.2026 11:51
08.11.2026 12:19
06.11.2026 15:18
03.11.2026 20:32
06.11.2026 20:33
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев