Otpan News Logo

Маңғыстауда дрондар 220 жүргізушінің жол ережесін бұзғанын анықтады

Маңғыстауда дрондар 220 жүргізушінің жол ережесін бұзғанын анықтады

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзған 220 жүргізуші анықталды. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.


Өңірде жол қауіпсіздігін бақылау үшін 8 пилотсыз әуе кемесі қолданылады. Олар республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қағидаларының сақталуын қадағалайды.


Әуеден бақылау барысында жол белгілері мен таңбаларының талаптарын бұзу, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау, көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану, қарсы қозғалыс жолағына шығу және өзге де құқық бұзушылықтар тіркеледі.


Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

30
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!