Otpan News Logo

Маңғыстауда мұнай өндіру «Лукойлға» қарсы санкцияларға қарамастан өсуі мүмкін

Маңғыстауда мұнай өндіру «Лукойлға» қарсы санкцияларға қарамастан өсуі мүмкін
depositphotos.com/Iurii

Маңғыстау облысындағы кен орындарында мұнай өндіру 2030 жылға қарай 21 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл барланған кен орындарын игеру есебінен жүзеге асады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты forbes.kz-ке сілтеме жасап.


Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында тұр. 2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша оның үлесі 27,6% болды.


2026 жылдың қаңтарында 1 446 мың тонна мұнай өндірілген. Бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5%-ға аз, ал 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,7%-ға көп.


«2030 жылға қарай өңірдегі мұнай өндіру көлемі шамамен 17 млн тоннадан 21 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл “Қаламқас-теңіз”, “Хазар” және “Әуезов” кен орындарын игеру есебінен болады. Олардың қорлары барланып, мемлекеттік балансқа қойылған», - деп жазады Naft арнасы.


Сарапшылардың пікірінше, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ облыстағы үздік мұнай өндіруші компания. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қаламқас-теңіз», «Хазар» және «Әуезов» кен орындарын «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС игеріп жатыр. Бұл компанияның 50% акциясы «Лукойлға» тиесілі.


2023 жылғы 9 ақпанда «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауын игеру жобасы бойынша бірқатар келісімдерге қол қойды.

2023 жылдың қыркүйегінде «Лукойл» ҚМГ-нің стратегиялық серіктесіне айналды.


Алайда 2025 жылдың қазанында Ұлыбритания мен АҚШ «Лукойлды» санкциялық тізімдеріне енгізді. Соның салдарынан «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жобасын іске асыруға қауіп төнді.


2025 жылғы 25 қарашада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов (қор – «ҚазМұнайГаздың» негізгі акционері) АҚШ енгізген санкциялардың салдарын азайту үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


Ал 4 желтоқсанда ҚМГ мәліметінше, бірлескен жобаға қатысушылар сыртқы факторлардың, соның ішінде ПАО «Лукойлға» қарсы санкциялық шектеулердің ықтимал әсеріне кешенді бағалау жүргізген.

87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!