Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда фотосуретшілердің халықаралық көрме-фестивалі өтіп жатыр

Нұргүл Алясова
|
16.09.2025 09:39
Маңғыстауда фотосуретшілердің халықаралық көрме-фестивалі өтіп жатыр

Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының хабарлауынша, суретшілердің фестивалі 4 күнге созылады, деп жазады otpannews.kz.


Фестивальдің I күн – 14 қыркүйек фотосуретшілердің сапары Торыш, Шайыр, Көкала, Шерқала және Айрақты өңірлерінен басталды. Бұл бағыт аймақтың тарихи мұрасын және табиғи әсемдігін ашып көрсетті.


15 қыркүйек күні қатысушылар Ыбықты сай мен Жаңаөзен қаласында болып, сапарын Бозжыра шатқалының ортасы мен астыңғы бөлігінде жалғастырды.



16 қыркүйекте фотосуретшілер Бозжыраның үстіңгі бөлігінен түсірілім жасап, Сенек, Қызылкүп, Боқты бағыттарымен жүріп өтіп, Ақтау қаласына оралады.


Фестиваль 17 қыркүйекте қорытындыланады.


Айта кетейік, фотографтар жинақтаған суреттер 19 қыркүйек күні ұйымдастырылатын көрмеде көпшілік назарына ұсынылады. Көрмені тамашалау үшін тұрғындар Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына келуі қажет.

60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!