Ақтауда 13 сарбаз әскерге аттанды
Гүлмира Аманжолқызы
|
16.09.2025 12:25

Ақтауда күзгі әскерге шақыру науқанында 13 жас сарбазды салтанатты түрде отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Олар ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы Райымбек ауданындағы шекара басқармасында қызмет атқаратын болады. Жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өтті.
Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары, ардагерлер мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Олар жас сарбаздарға ақ жол тілеп, аман-есен елге абыроймен оралуына тілектерін білдірді.
Әскерге барып, қызмет ету - әр азаматтың қасиетті борышы. Ата-бабамыз ұланғайыр жерді бізге аманат етіп қалдырды. Бүгін сіздер сол жолды жалғап, отан алдындағы парыздарыңызды өтеуге аттанғалы тұрсыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Аман-есен елге оралыңыздар, - деді Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Сейлов.
Әскерге шақырылғандардың бірі - Шетпе ауылының тумасы Нұршайық Мақсұт. Ол отан алдындағы парызын абыроймен атқаруды басты мақсаты ретінде атап өтті.
Әскерге бару – әрбір қазақстандық азаматтың парызы. Бала кезімнен әскери форма киіп, еліме қызмет етуді мақсат еттім. Бүгін міне сол мақсатым орындалып, ата-анамның ақ батасын алып, өз еркіммен әскерге аттанғалы жатырмын, – дейді жас сарбаз.
58

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев