Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Камиль Куруглиев әлем чемпионатын 5-ші орынмен аяқтады

Жанкелді Қаржан
|
16.09.2025 09:15
Камиль Куруглиев әлем чемпионатын 5-ші орынмен аяқтады
Спортты дамыту дирекциясы

Ақтаулық Камиль Куруглиев Хорватиядағы әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Хорватия астанасы Загребте еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр. Қола жүлде үшін бозкілемге шыққан Камиль Куруглиев өз салмағында (-92 кг) үздік бестікті түйіндеді.


Ол үшінші орын үшін өткен сында 3 дүркін Азия чемпионы Амирхосейн Биглар Фиразпурға (Иран) уақытынан бұрын жол берді. Айта кетейік, Куруглиев (-92 кг) кеше ширек финалға жетіп, Аманула Гаджимагомедовке есе жіберіп, бүгін жұбаныш кезеңінде Бенжамин Конрад Хонисты (Италия) соңғы секундтарда ұтқан. Сондай-ақ Камиль бір ай бұрын Болгарияның Самоков қаласында өткен U20 әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген.


Загребте еркін күрестен бәсекелер бүгін аяқталады. 14 қыркүйек күні еркін күрес шеберлері арасынан Загребте Асылжан Есенгелді (-61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (-70 кг) 3-орыннан көрінген еді. 

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!