Otpan News Logo

Маңғыстауда Benelux сауда палатасы өкілдерімен инвестициялық жобалар талқыланды

Маңғыстауда Benelux сауда палатасы өкілдерімен инвестициялық жобалар талқыланды

Нұрдәулет Қилыбай «Benelux сауда палатасының» өкілдерін қабылдады. Еуропалық инвесторлар Маңғыстауда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесуде ARTEX Holding компаниясының 2026 жылдан бастап Маңғыстау облысында жүзеге асыруды жоспарлап отырған ірі инвестициялық жобалары ұсынылды. Бұл бастамалар өңірдің энергия, медицина, цифрландыру, құрылыс және өндіріс салаларындағы стратегиялық міндеттерін шешуге, сондай-ақ жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға бағытталған.


Кездесуде өңір басшысы ұсынылған жобалардың Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін жоғары бағалады.


Еуропалық инвесторлардың өңірге қызығушылығы – Маңғыстаудың тұрақтылығы мен даму әлеуетінің көрсеткіші. Егер жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканың өсіміне нақты үлес қосатын болса, біз заң аясында барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Өңір үшін стратегиялық маңызы бар бастамаларды іске асыруға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Кездесу қорытындысында тараптар жобаларды пысықтау және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті келісімдерді қамтамасыз ету жөнінде келісімге келді.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!