Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау — жапон туристерінің жаңа бағдарына айналмақ

Маңғыстау — жапон туристерінің жаңа бағдарына айналмақ

Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы АҚ-ның бірлесуімен Жапонияның жетекші он туроператоры үшін таныстыру сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаевтың төрағалығымен өткен кездесуде екі тарап туризм саласындағы әріптестікті дамытудың келешегін және Маңғыстауды жапондық туроператорлардың саяхат бағдарына енгізу мүмкіндігін талқылады.


Сапар барысында жапон делегациясы Бозжыра, Шерқала, Қызылкүп шатқалы, сондай-ақ Каспий теңізі жағалауы сынды Маңғыстаудың көрікті табиғи нысандарын аралап, өңірдің бай мәдени мұрасымен танысты.


Кездесуде тараптар халықаралық әріптестікті күшейтуге және Азия нарығымен, әсіресе Жапониямен туристік серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударды.


Жапон туристері үшін Маңғыстау облысы ерекше табиғаты мен тарихи мұрасымен ерекшеленетін жаңа бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отыр.


Сапар қорытындысында Маңғыстауды қамтитын жаңа туристік маршруттар мен бағдарламалар әзірленеді деп күтіледі.

79
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!