Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «Салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар» форумы өтті

Гүлмира Аманжолқызы
|
16.09.2025 19:28
Ақтауда «Салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар» форумы өтті

Ақтауда «Салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар» тақырыбында форум өтті. Шараның мақсаты – дәстүрлі ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеу, деп хабарлайды otpannews.kz.


Форумға білім беру ұйымдарының мұғалімдері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар, ата-аналар кеңестерінің өкілдері, жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттері, сондай-ақ ақсақалдар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.


Бұл форум Ақтау қаласы көлемінде өткізіліп отырған ауқымды шара. Оның басты мақсаты – отбасы институтын қалыптастыру, оны насихаттау, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу. Бүгінгі шараға тек облыс қана емес, республика көлемінде де спикерлер тартылды. Форум арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, оны әрі қарай дамыту көзделіп отыр. Іс-шараға 300-ден астам көрермен қатысты. Айта кетейін, бұл жиын Отбасы күніне орай арнайы ұйымдастырылды, - деді шара ұйымдастырушысы, «Саламатты ел» қоғамдық қорының директоры Гүлзира Есетова.


Форумда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Алау Әділбаев ұлттық құндылықтардың ислам дінімен сабақтастығы жөнінде ой бөлісті.


«Өзенмұнайгаз» АҚ идеологиялық маманы, жыршы Арғын Бисенов халық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде қолданудың маңызын атап өтті.


Мұғалім, «Құтты білік» орталығының директоры Дөңбай Мәулен ұлттық тәрбиенің білім беру жүйесіндегі рөлін тарқатты.


Ақтаудағы жекеменшік мектептің тарих пәні мұғалімі, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы Жазира Мыңбаева жас ұрпақ бойына салт-дәстүрді сіңірудің жолдарын айтты.


Шара кезінде қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын сақтаудың бүгінгі күнгі маңыздылығын талқылап, тәжірибе алмасты.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!