Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Жанкелді Қаржан
|
31.08.2025 10:03
Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталуға жақын
МО денсаулық сақтау басқармасы

Мемлекет басышысының тапсырмасы аясында облыстық жедел-жәрдем станциясының құрылыс-жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров медициналық көмек станциясының құрылыс-жұмысымен танысты. Нысанның аяқталу мерзімі және сапасы туралы мәселелер талқыланды. Кездесуге облыстық құрылыс басқармасы мен облыстық жедел-жәрдем станцясының басшылығы да қатысты.

 

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 65%-ы аяқталған. Құрылыс алаңында 103 маман еңбек етіп жатыр. Тараптар жаңа медициналық мекеменің заманауи стандарттарға сай болуын, қауіпсіздік пен санитарлық нормалардың толық сақталуын қамтамасыз ету қажет екендігін жеткізді.

 

«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы – өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық жоба. Бұл нысан денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырады. Құрылыс жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деді МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.
84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!