Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Құрық ауылында жаңа балабақша ашылды

Ақмарал Берекет
|
30.08.2025 10:48
Құрық ауылында жаңа балабақша ашылды

Қарақия ауданының Құрық ауылында ҚР Конституция күні мен Білім күні қарсаңында жаңа «URPAQ» балабақшасы пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысан 75 балаға арналған, деп хабарлайды otpannews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ашылу салтанатына аудан әкімі, оның орынбасарлары, ата-аналар мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шарада аудан әкімі тұрғындарды құттықтап, жаңа мекеменің ел ертеңі – балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына зор мүмкіндік беретінін атап өтті.


Балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Заманауи үлгіде жабдықталған мекемеде бірнеше топ қарастырылған, сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелік және білім беру бағдарламалары енгізілген. Мұнда білікті педагогтер мен тәрбиешілер қызмет атқарады.


Жауаптылардың айтуынша, «URPAQ» балабақшасының ашылуы Қарақия ауданында мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып саналады.

90
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!