Otpan News Logo

Көлік жөндеу орталығында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

|
09.02.2026 16:01
Көлік жөндеу орталығында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында техникалық қызмет көрсету станциясында болған өрт салдарынан күйік алған екі ер адамның жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Еске сала кетейік, өрт 6 ақпан күні орын шыққан. Зардап шеккен екі ер адам шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірінші науқаста кең көлемді термиялық күйік анықталып, зақымдану аумағы дене бетінің шамамен 90 пайызын құрайды. Екінші науқастың денесінің 25-30 пайызы күйік шалған.

 

Қазіргі таңда екі науқас та жасанды өкпе желдету аппаратына қосылып, жансақтау бөлімінде жатыр.

 

«Екі науқастың да жағдайы өзгеріссіз, тұрақты ауыр күйде. Олар дәрігерлердің тәулік бойыбақылауында», - деді аурухана өкілдері.
203
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!