Otpan News Logo

Кендірлі әуежайында ұшу-қону жолағының үшінші кезеңі басталды

|
07.10.2026 09:22
Кендірлі әуежайында ұшу-қону жолағының үшінші кезеңі басталды

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ — Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір нысанда ұшу-қону жолағын салудың үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы Ұлттық арнаның "Қарқынды құрылыс" жобасында жарияланды. 


Құрылыс барысында ұшу-қону жолағының негізі бірнеше қабаттан төселеді. Жер қабаты терең қазылып, жол негізі жалпы жеті қабат етіп жасалады. Әр қабаттың қалыңдығы 30 сантиметрді құрайды.


Жұмыс кезінде бетонға зақым келмеуі және жол қабаттарының жылжып, араласып кетпеуі үшін арнайы геотор төселіп жатыр. Сонымен қатар құрылыс барысында ылғал өткізбейтін геомембрана қолданылады.


Мамандардың айтуынша, бұл материалдар суға, аязға, жоғары температураға және химиялық әсерге төзімді. Сондықтан олар ұшу-қону жолағының беріктігі мен ұзақ уақыт пайдаланылуына мүмкіндік береді.


Кендірлі әуежайының іске қосылуы өңірдегі көлік қатынасын жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа нысанның ашылуы тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етеді.

105
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!