Otpan News Logo

Ақтауда адам пышақтаған тұрғын 6 жылға сотталды

|
20.10.2026 11:39
Ақтауда адам пышақтаған тұрғын 6 жылға сотталды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Ақтауда дәмханада болған жанжал кезінде ер адамға пышақ сұғып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалалық сот сотталушыға қатысты айыптау үкімін шығарды.


Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 4 шілдеге қараған түні Ақтаудың 12 шағынауданындағы дәмханалардың бірінде болған. Сотталушы Е. алкогольдік ішімдік ішіп отырып, жәбірленуші А.-ның үстелінен рұқсатсыз тіскебасар алып, оның ішімдігін төгіп, кейін дәмханадан шығып кеткен.


Жәбірленуші жағдайдың мән-жайын анықтау үшін сыртқа шыққан кезде, сотталушы өзімен бірге болған ас үй пышағымен оның шап тұсына соққы жасаған. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірілген.


Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Е. өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрағанын айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.


Жаза тағайындау кезінде сот оның кәмелетке толмаған баласының барын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.


Сот үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 7) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!