Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Қазақстанда темекі бағасы қымбаттауы мүмкін
Жарас Мақсатұлы
|
11:57, 9 маусым 2025

Қаржы министрлігі темекі өнімдеріне қойылатын ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеуге қатысты қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, - деп хабарлайды otpannews.kz.


Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға жарияланды.


Жобаның негізгі мақсаты – темекіге қатысты салық пен бағаны дұрыс реттеу және халықтың темекі шегуін азайту арқылы денсаулықты жақсартуға ықпал ету.


Бұл өзгерістер 2022 жылы ақпанның 22-сінде қабылданған Қаржы министрінің №196 бұйрығына байланысты болмақ. Сол бұйрықта фильтрі бар және фильтрі жоқ темекілерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі баға белгіленген.


Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, бұл жоба "Темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңның 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

36
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!