Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Каспий теңізінде Конституция күніне орай кемелер шеруі өтті

Ақмарал Берекет
|
30.08.2025 21:04
Каспий теңізінде Конституция күніне орай кемелер шеруі өтті

Ақтауда ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай теңіз төрінде ерекше шара ұйымдастырылды. Каспийдің көгілдір айдынында 15 кеме қатар тізіліп, мерекелік шеру жасады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, игі бастамаға «Mangystau Project» ЖШС мен Parasailing Aktau клубы ұйытқы болды. Шеру қалалық жағажай пирсінен басталып, катерлер «Астана» сауда орталығына дейін жүзіп барып, кейін кері бағытта қозғалды.


Жағалауға жиналған тұрғындар мен қала қонақтары көздің жауын алатын көріністі тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Әсіресе ата-аналарымен келген балалар Конституция күніне арналған ерекше атмосфераны сезініп, қуанышты сәтке куә болды.


Бұл теңіз шеруі мерекенің маңыздылығын айшықтап қана қоймай, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

78
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!