Otpan News Logo

Қала әкімі жылу жүйесі реттелген үй тұрғындарымен кездесті

|
07.11.2026 12:00
Қала әкімі жылу жүйесі реттелген үй тұрғындарымен кездесті
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау әкімі Мақсат Мұқаш 35-шағын аудандағы 23-үйдің тұрғындарымен кездесті.

 

Бұған дейін аталған тұрғын үйдің тұрғындары пәтерлеріне жылу берілмеуіне байланысты шағымданған болатын. Қазіргі таңда мәселе шешіліп, тұрғын үйге жылу толық көлемде берілді. Кездесу барысында тұрғындар жылу жүйесінің іске қосылғанын айтып, мәселенің оң шешімін тапқанына ризашылықтарын білдірді.

 

Еске салайық, 5 қараша күні аталған тұрғын үйдің тұрғындары жылудың болмауына байланысты наразылық білдірген еді. Мәселенің туындауына тұрғын үйге қызмет көрсететін басқарушы компанияның болмауы себеп болған.

 

Осыдан кейін қала әкімінің тікелей бақылауымен тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тапты.

 

 

5
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!