Otpan News Logo

Елімізде пойыз жолаушылары 25-33 пайыз жеңілдікпен билет ала алады

|
02.02.2026 15:36
Елімізде пойыз жолаушылары 25-33 пайыз жеңілдікпен билет ала алады
ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты. Атап айтқанда, 15-25 жас аралығындағы және 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдік бар, деп хабарлайды otpannews.kz.


60 жастан асқан жолаушылар енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік ала алады. Жеңілдікті пайдалану үшін Ұлттық тасымалдаушының барлық пойызында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу керек.


Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны - 3000 теңге, жарамдылық мерзімі - сатып алынған күннен бастап 1 жыл.


Жастар үшін де жаңа KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. Жаңа картаны 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билет сатып алуға пайдалана алады, оларға 33% жеңілдік бар. Картаның құны - 3000 теңге, жарамдылық мерзімі - сатып алынған күннен бастап 1 жыл.


Дисконттық карталар иесінің атына рәсімделеді және үшінші тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалау бойынша) электрондық пошта мекенжайы талап етіледі.


Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды.


Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады:


* 2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;


* 2026 жылғы 25–30 желтоқсан аралығы;


* маусым–тамыз айлары.

92
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!