Otpan News Logo

Димаш Құдайбергеннің Маңғыстауда түсірілген жаңа жобасы Қытайда рекорд орнатты

|
09.02.2026 11:50
Димаш Құдайбергеннің Маңғыстауда түсірілген жаңа жобасы Қытайда рекорд орнатты

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Маңғыстау облысының көрікті жерлерінде түсірілген «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасы Қытай медиа кеңістігінде үлкен серпіліс тудырды. Премьерадан кейінгі алғашқы тәулікте шоу 102 миллион қаралым жинап, 2026 жылдың абсолютті рекордын жаңартты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жоба бір мезетте Қытайдың ірі Hunan TV және Mango TV телеарналары арқылы эфирге шығып, CVB телевизиялық рейтинг жүйесінде көш бастады. Сонымен қатар, бағдарлама Weibo және Bilibili әлеуметтік желілерінің трендтер тізіміне еніп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.


Бұл жобада Димаш Құдайберген тек басты орындаушы ғана емес, сонымен қатар атқарушы продюсер ретінде де өнер көрсетіп, оның өңірдегі басты мәдени амбассадор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


«Voice Beyond Horizon» жобасының ерекшелігі – оның түсірілім локацияларында. Бағдарламаның алғашқы эпизодтары Қазақстанның киелі жерлері мен табиғаты әсем өңірлерінде таспаланған. Жобаның бастау алған нүктеі – Түркістан, ал ерекше табиғи ландшафтымен халықаралық аудиторияны таңғалдырған негізгі түсірілім алаңы – Маңғыстау. Сондай-ақ жоба Алматы және Ақмола облыстарында да түсіріліп, шешуші финалы Астанада өтеді.


Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен Каспий жағалауындағы көріністер Қытайдың миллиондаған көрерменіне Қазақстанның туристік әлеуетін жаңа қырынан танытты.


Сарапшылар бұл жобаны жай ғана ойын-сауық бағдарламасы емес, Қазақстан мен Қытай арасындағы «мәдени көпір» және стратегиялық медиаөнім деп бағалауда. Бағдарламаға алты мемлекеттен: Қазақстан, Қытай, Италия, Малайзия, Сербия және Қырғызстаннан келген дарынды өнерпаздар қатысуда.


Айта кетейік, шоудың жаңа эпизодтары әр бейсенбі күні сағат 22:00-де Hunan TV және Mango TV арналарында көрсетіледі.

237
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!