Белсенді жас Нұрқадір Өскімбаев: «Жаңа Конституциялық өзгерістер тек құқықтық мәртебе емес, қоғамның болашағын айқындайтын стратегиялық таңдау»
Ата Заңға өзгерістер енгізу – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам. Бұл – тек құқықтық құжатқа түзету жасау емес, ел болашағын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған стратегиялық шешім. Конституция – мемлекет пен халық арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің негізі.
Осы ретте белсенді жас Нұрқадір Өскімбаев: «Ата заңдағы өзгерістерді халықтың талқысына ұсыну – ел үшін маңызды қадам. Менің ойымша, конституцияға өзгерістер енгізу тек құқықтық мәселе емес, бұл қоғамның болашағын айқындайтын стратегиялық таңдау. Әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, референдумға белсенді қатысуы маңызды деп ойлаймын», – деп атап өтті.
Шын мәнінде, Конституцияға енгізілетін әрбір өзгеріс – әр азаматтың өміріне, құқықтары мен мүмкіндіктеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай тарихи сәтте қоғамның белсенділігі мен азаматық жауапкершілігі аса маңызды.
15 наурызда өтетін референдум – әрқайсымыз үшін өз ұстанымымызды білдіріп, елдің ертеңіне үлес қосатын мүмкіндік.