Otpan News Logo

Биыл Мұнайлыда 615 орындық 9 балабақша ашылды

Биыл Мұнайлыда 615 орындық 9 балабақша ашылды

OTPANNEWS.KZ – Мұнайлы ауданында биыл 615 балаға арналған 9 жаңа балабақша пайдалануға берілді. Оның үшеуі Маңғыстау ауылында, тағы үшеуі Қызылтөбеде ашылған. Қалған балабақшалар Атамекен, Басқұдық және Батыр ауылдарында жұмысын бастады. 


Бұл жобалар туралы аудан әкімі Қанат Құлжанов облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тұрғындармен кездесуінде баяндады.


Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен 445 орындық тағы 5 балабақша ашылған.


Ауданда мектеп тапшылығын азайту үшін де құрылыс жүріп жатыр. Маңғыстау және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 1200 оқушыға арналған екі мектептің құрылысы басталды. Білім ошақтарын 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған.


Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында биыл 10 мектептің 12 кабинетіне STEM және робототехника жабдықтары орнатылған.

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!