Otpan News Logo

Ақтауда 130 келі марихуана тәркіленді

Ақтауда 130 келі марихуана тәркіленді

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда есірткінің ірі партиясын сақтады деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды. Полиция одан жалпы салмағы 130 келі марихуана тәркіледі.


Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 қарашада Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізген.


Автокөлікті, Приморский шағын ауданындағы базаның аумағын және жалдамалы пәтерді тінту кезінде өсімдік тектес есірткі салынған 327 пакет пен төрт қап табылған.


Күдікті – Ақтауда уақытша тұрып жатқан Ресей Федерациясының 39 жастағы азаматы. Медициналық куәландыру кезінде оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталған. Осыған байланысты ол әкімшілік жауапкершілікке де тартылды.


Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

3
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!