Главная | Жаңалықтар
Каспий итбалықтары «Ақжайық» резерватында видеоға түсіп қалды
OTPANNEWS.KZ. - «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кезекті бақылау-барлау жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік инспектор Каспий итбалықтарының суда еркін жүзіп жүрген сәтін байқап, ерекше көріністің куәсі болды. Видеоны Экология және табиғи ресурстар министрлігі жариялады.
Каспий итбалығы (Pusa caspica) – дүниежүзінде тек Каспий теңізінде ғана тіршілік ететін эндемик сүтқоректі жануар. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және жойылып кету қаупі бар сирек түрлердің қатарына жатады.
Бұл жануарлар теңіз экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Алайда қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі, қорек қорының азаюы және басқа да антропогендік факторлар олардың санына кері әсерін тигізуде.
Сондықтан Каспий итбалықтарын қорғау, олардың табиғи мекен ету ортасын сақтау және биоалуантүрлілікті қорғау – баршамызға ортақ міндет.
41
Басты жаңалықтар
Танымал
23.11.2026 11:38
23.11.2026 11:07
23.11.2026 10:52
23.11.2026 10:35
23.11.2026 10:26
23.11.2026 10:14
23.11.2026 10:06
23.11.2026 09:22
22.11.2026 11:33
21.11.2026 18:18
21.11.2026 15:57
21.11.2026 15:40
21.11.2026 12:57
21.11.2026 09:00
20.11.2026 16:28
20.11.2026 16:25
20.11.2026 16:00
20.11.2026 15:51
20.11.2026 14:21
20.11.2026 13:40
20.11.2026 09:11
19.11.2026 15:03
16.11.2026 15:40
16.11.2026 15:35
18.11.2026 19:12
16.11.2026 15:27
18.11.2026 18:42
16.11.2026 14:55
20.11.2026 09:16
18.11.2026 19:01
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев