Ақтаудан Қарағандыға тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылады

Ақтау қаласынан Қарағандыға тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл бастама Маңғыстау облысы әкімдігінің ұсынысы негізінде ҚР Көлік министрлігі мен Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жаңа әуе бағыты 2025 жылғы 23 қыркүйектен бастап іске қосылады. Рейс аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады.
Ұшақ кестесі бойынша Ақтаудан Қарағандыға сейсенбі және жұма күндері сағат 06:50-де ұшып, 09:00-де жетеді. Қарағандыдан Ақтауға сейсенбі күні 20:30-да, жұма күні 19:30-да ұшып, тиісінше 22:40 және 21:30-да қонады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудан Көкшетау және Түркістан қалаларына да жаңа бағыттар ашылған болатын.
Әуе билеттерін scat.kz сайтынан немесе ресми агенттер арқылы сатып алуға болады.
