Otpan News Logo

Ақтауда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

|
03.11.2026 10:39
Ақтауда тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда теңіз портына апаратын кірме теміржол жолындағы өткелде МАЗ жүк көлігі тепловозбен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі теміржол құрамына жол бермеген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 


Оқыс оқиға 2 қараша күні сағат 16:55 шамасында арнайы бақылауы жоқ әрі реттелмейтін теміржол өткелінде болған. Тепловоз сағатына шамамен 5 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. 


Соның салдарынан локомотивке айтарлықтай техникалық зақым келген. Оқиға туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабар берілген. 


Алдын ала дерекке сәйкес, жол-көлік оқиғасына жүк көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған.


«Қазақстан темір жолы» компаниясы жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде мұқият болуға, жол белгілері мен сигнал талаптарын сақтауға және теміржол көлігіне жол беруге шақырып отыр.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!